Профессиональный колледж имени Анвара Исмаилова

11 марта 2016 г. в г. Астана на ХХХ Юбилейной церемонии награждения лидеров экономики стран-участниц Союза Национальных бизнес-рейтингов, награжден орденом «Лидер отрасли» 
Блог директора

Выбор языка

Вопрос-ответ
Дистанционное обучение
Приёмная комиссия

02140100 Сәндік қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері (бейін бойынша) мамандығы,
4S02140104 Сәндік қолданбалы өнер суретшісі біліктілігі, 2 курс
АК-222/Б тобы 11 сынып базасында - 1 орын

10130300 Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығы,
3W10130302 Аспазшы біліктілігі, 2 курс
ТУА-221/Б/2 тобы 9 сынып базасында - 1 орын

Новости колледжа

07161300 Автомобилькөлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығы, 
3W07161302 - Автомобиль электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик біліктілігі, 1 курс, 
АЭ-232/Б/1 тобы (11 сынып базасында) 1 орын

«Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық»«Ананың ізгі тәрбиесі- әженің баға жетпес өсиеті»

Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінде 1-қыркүйек Білім күніне орай «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға колледж студенттері мен ата-аналары және колледж ұжымы қатысты.

«ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ» «WORLD CLEANUP DAY 2022»

«ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ» «WORLD CLEANUP DAY 2022» күніне орай, тазалықты жанына серік еткен Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің студенттері жалпы аудандық сенбілікке шығып, өз үлестерін қосты. Аталған сенбіліктің мақсаты - аудан аумағын қоқыстан тазартып, абаттандыру. Тазалық іс-шарасына қатысушы жастар қажетті құрал-жабдықтар, қолғаптар, қоқыс салатын қаптармен толықтай қамтамасыз етілді.

“10 қыркүйек Дүниежүзілік суицидтың алдын алу күні”

Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінде “10 қыркүйек Дүниежүзілік суицидтың алдын алу күні” және “Отбасы күніне” арналған дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел барысында сөз кезегін алған әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының меңгерушісі - заңгері Г. Медеуов, Сайрам ауданында қазіргі кезде өзекті мәселелер...

«Парасат» және «Үміт»

Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің «Парасат» және «Үміт» дебат клубының жетекшілері Худайберген С, Ахназарова Н.А ұйымдастыруымен дебат отырысы болды. Дебат отырысы барысында клуб мүшелері мен жаңадан дебат клубына мүше болып кірген....

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауының негізінде дебат отырысы

Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің «Үміт» және «Парасат» дебат клубының жетекшілері Худайберген С, Ахназарова Н.А және мүшелері арасында 1-қыркүйек күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауының негізінде дебат отырысы өткізілді.

«Ұлт ұстазының жолымен»

Биыл – Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі, әдебиеттанушы ғалым, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы. Саналы ғұмырын ағарту саласына сарп еткен ұлы тұлғаның қазіргі білім беру жүйесінің қалыптасып дамуына қосқан үлесі өлшеусіз. Ұлт ұстазының есімін ұлықтау – қашанда ізгілікті іс екені сөзсіз.

«Тазалық – табалдырықтан басталады»

«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Колледжіміздің «Қамқорлық» еріктілер мүшелерінің ұйымдастыруымен сенбілік болып өтті.

«Өзбек этносының тілі, мәдениеті мен дәстүрі»

Шымкент қаласында «Өзбек этносының тілі, мәдениеті мен дәстүрі» күні тойланды. Қоғамдық келісім мен елдің бірлігі - мемлекетіміздің басты байлығы. Этномәдени бірлестік «Достық» қауымдастығы ұйытқы болған мерекелік шараға ТМД елдерінен арнайы қонақтар келіп қатысты.

«Құқық бұзушылықтың алдын – алу жұмыстары»

Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінде «Құқық бұзушылықтың алдын – алу жұмыстары» тақырыбында 1-2-курс білім алушыларына «Сайрам ауданының полиция басқармасының» қызметкері К.Сулейменованың қатысуымен жиын болып өтті. Колледж инспекторы, педагог-ұйымдастырушы, педагог-психолог қатысты.

"Оқуға құштар колледж"

Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінде "Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасын іске асыру аясында колледж кітапханасында "Ұстазым менің мәңгілік, жадымда тұрар жаңғырып " атты қонақжай , мерекеге арналған әдеби сағаты өтті. Ұстаз -ұлағатты есім.

«Жаңа технологиялар мен жаңа медианың үздіксіз енгізілуі білім сапасына айтарлықтай әсер етпейді.»

«Парасат» дебат клубының жетекшілері Худайберген С, Ахназарова Н.Р және мүшелері арасында «Жаңа технологиялар мен жаңа медианың үздіксіз енгізілуі білім сапасына айтарлықтай әсер етпейді.» атты тақырыбында дебат отырысы өткізілді. Дебат клубының отырысына «Парасат» дебат клубының мүшелері және ұстаздары қатысты.

«Ұстаз болу-жүректің батырлығы»

Ұстаздар мерекесіне орай «Медицина» бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұстаз болу-жүректің батырлығы» тақырыбындағы іс-шара болып өтті. Колледж білім алушылары таңертеңнен әрбір ұстазды ерекше көңіл—күймен, гүл шоқтарымен қарсы алды. Білім нәрімен сусындатып, өзінің бар білгенін шәкірттеріне арнайтын ұстаздардың қоғамда орны ерекше. Ұстаз – өзгелерге үйретуден шаршамайтын, өзі де үйренуден, ізденуден тынбайтын мәртебелі тұлға.

«Қамқорлық»

Колледждің ерікті жастарынан құрылған «Қамқорлық» еріктілер клубының мүшелері, жетекшісі Ибрагимжанова Дильнаваз Тахиржановна бастаған жастар, Төлеби ауданында орналасқан «Төлеби отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ барып, балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

«Ұстаз аты-биік әрі мәңгілік»

Ұстаздар күніне арнап медицина бөлімінің оқытушысы Мырзабаева Дана Ержанқызы 3-курс МБ-212\3 оқу тобымен «Ұстаз аты-биік әрі мәңгілік» атты тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, тәлім-тәрбие, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

«Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына»

Отбасы күніне арнап топ тәлімгерлері Бекенова Х , Худайберген С 2-курс ШТ 211 және 2-курс МБ 211/2 оқу топтарымен «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: білім алушыларға отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. 

«КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТІ ШЫҢДАУ.»

31.10.22ж күні Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі "Плита жапсыру құзіреттілігі "бойынша облыстық деңгейде "Тулбоксты, станокты таныстыру. Кафель жабыстыру" онлайн шебер сабағы болып өтті.Құзіреттілікке сарапшы және өндірістік шебері жауапты маман Аширбаев Бахтияр Турганович,чемпионатқа қатысушы Розакулов Бегзат.

Профессиональный колледж имени Анвара Исмаилова сообщает об имеющихся вакансиях по госзаказу: Специальность 07320100 Строительство и эксплуатация зданий и сооружений, 3W07320104 Квалификация мастер широких строительных работ, КБК-221/Б группа 2 курса (на базе 9 классов) 1 место; 7161300 Специальность «Техническое обслуживание, ремонт и эксплуатация транспортных средств», 3W07161302 - Квалификация электрика по ремонту автомобильного электрооборудования, 1 курс, Группа АЕ-232/Б/1 (на базе 11 класса) 1 место 06120100 Вычислительная техника и информационные сети (по туру) по специальности, 3W06120101 – Квалификация оператора компьютерного оборудования, Группа ЭТ/ТП-231/Б, 1 курс (на базе 9 класса) 1 место

«Тілдерді оқыту және дамыту орталығы»

Сайрам аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ- нің ұйымдастыруымен 28 қазан күні Республика күніне орай «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ» тақырыбында аудандық байқау өтті.