Тілді таңдау
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 28 жылдық мерекесіне орай Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінде 13.12.2019ж күні «Жалпы білім беретін пәндер» пән бірлестігі және колледж тәрбие бөлімімен жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстан -Елбасымен бірге» атты іс-шара өткізілді. Бағдарламаға сәйкес 13.12.2019ж күні барлық оқу топтарында мемлекеттік ән ұран орындалды. 9.00-10.20 ға дейін 1-4 курс студенттеріне колледж еріктілерден құралған «Қамқорлық» тобы тәуелсіздік мерекесіне арнап баяндама оқылып, слайдтар көрсетілді.