Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі

2016 жыл 11 наурыз Астана қаласында Халықаралық Ұлттық бизнес рейтинг одағының  ХХХ мерейлі марапаттау рәсімінде үздік
«Сала көшбасшысы» орденімен марапатталды
Директордың блогы

Тілді таңдау

Сұрақ-жауап
Қашықтан оқыту
Қабылдау комиссиясы

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде, қазіргі уақытта әлемнің барлық дерлік елдерінде саяси дамуына қарамастан, соның ішінде Қазақстанда да, оның айырмашылығы тек көлемінде ғана, әрекет етуін жалғастыруда.

Елдің даму болашағына байсалды қауіп төндіре отырып, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына да теріс әсер етуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.

Колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты студенттерде қалыптастыру мақсатында кездесулер, әңгімелесулер, сынып сағаттары өткізіледі, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, жемқорлық түсінігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі шараларды жетілдіру, студенттер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіп пен заңдылық орнату, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл рухындағы тәрбие туралы түсіндірілді.

Профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ мен СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ іс-қимыл ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ өкілдері шақырылады, жасырын сауалнама жүргізіледі. Студенттік өзін-өзі басқару кеңесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік плакаттар конкурсын өткізеді. ТОҚТА-СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ! Мен қарсымын! тақырыбында насихаттаушылық — ақпараттық материалдарымен стенд ресімделінді.

Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты еңсеру мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады, оның басымдылығы Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевпен анық белгіленген болатын.

Міне сондықтан, Президент өзінің «Қазақстан-2050 Стратегиясында» қалыптасқан мемлекеттің Жаңа саяси бағыты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттің басым басымдылықтарының бірі ретінде атады.

Экономиканы жаңғырту және ауқымды әлеуметтік өзгерістерді қайта құру жағдайларында Қазақстанда мемлекеттің замануи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысты болған біртұтас сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына қажеттілік барынша айқындала түсуде.